Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады Фото © Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңге болған. Игерілмеген қаржының сомасы - 30 миллиард теңге.

"Осы жылы өңірлерге 2,3 триллион теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 8 миллиард теңге. Оның ішінде 2 миллиард теңге үнемделді, 6 миллиард теңге игерілмеді", - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысын игере алмай отырған өңірлерге тоқталды.

"Қаржыны ең көп игермеу мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе облысы - 0,9 миллиард теңге, Батыс Қазақстан облысы - 0,6 миллиард теңге, Қарағанды облысы – 0,5 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 0,5 миллиард теңге", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 6
Астана -4
Актау 15
Актобе 6
Атырау 15
Б
Балхаш 2
Ж
Жезказган 0
К
Караганда 5
Кокшетау 3
Костанай 8
Кызылорда 0
П
Павлодар 5
Петропавловск -3
С
Семей 2
Т
Талдыкорган 5
Тараз 12
Туркестан 4
У
Уральск -6
Усть-Каменогорск 11
Ш
Шымкент 2

 

Редакция Реклама
Социальные сети