Маңғыстауда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 1,9 миллиард теңге не үшін бөлінгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 1,9 миллиард теңге не үшін бөлінгені белгілі болды Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Биыл Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ноғаевтың сөзінше, субсидия ауыл шаруашылығының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында бюджеттен бөлінген.

"Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға - 818 миллион теңге, егіншілікті дамытуға - 43,6 миллион теңге, инвестициялық субсидиялауға - 720,4 миллион теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға - 350 миллион теңге. Мал шаруашылығы саласын субсидиялауға 2021 жылы 127 миллион теңге бөлінсе, 2023 жылы бұл қаражат 818 миллион теңгеге дейін ұлғайған", - дейді облыс әкімі ОКҚ брифингінде.

Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2019-2021 жылдары агроөнеркәсіптік кешеннің 1005 субъектісіне 2,33 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінген. 2022 жылы - 2,2 миллиард теңгеге 661 агроөнеркәсіптік кешен субсидияланған.

"Сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында біз "Ауыл аманаты" деп аталатын ауыл азаматтарына несие беру жобасын іске асырамыз. Жоба шеңберінде жылдық 2,5 пайызбен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер беріледі. Жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеге 250 жобаны іске асыру жоспарланып жатыр. Жоба ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және олардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді деген үміттемін", - деді Нұрлан Ноғаев.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 10
Астана -3
Актау 16
Актобе 3
Атырау 7
Б
Балхаш 3
Ж
Жезказган -2
К
Караганда 1
Кокшетау -2
Костанай 11
Кызылорда 1
П
Павлодар 1
Петропавловск -1
С
Семей 8
Т
Талдыкорган 10
Тараз 13
Туркестан 1
У
Уральск 0
Усть-Каменогорск 13
Ш
Шымкент 4

 

Редакция Реклама
Социальные сети